ALADOP.KZ
Басты ақпарат Әлем футболы

Жапония мен Катар Копа Америкаға неге қатысады?

Португалия мен Испания құрамалары да шақырту алған

Копа Америка осыдан көп жылдар бұрын жанкүйерлерді қызықтырмайтын ортаңқол турнирлердің бірі болды. 1986 жылы Traffic Sports компаниясы Копа Американың коммерциялық құқығын сатып алды. Сол кезең турнир тарихындағы ұлы төңкеріс аталды. Компанияның басты табыс көзі турнирдің телекөрсетілімдерін сатудан түсетін. Сол үшін Traffic Sports компаниясы турнирдің танымалдылығын арттырғысы келді. Алдымен жарысқа қатысатын құрамалар санын көбейткісі келгенмен, КОНМЕБОЛ футбол қауымдастығына небәрі 9 ел кіретін. Толыққанды 3 топқа бөлуге де құрамалар саны жетпеді.

Ең бірінші басқа құрлықтардың құрамаларын шақыру идеясын 90-ыншы жылдардың соңында Копа Америка турниріне қызығушылықтың төмендегенін байқаған КОНМЕБОЛ басшылығы ойлап тапты. Бұл идея 1993 жылы алғаш рет іске асырылды. Копа Америка 1993 турниріне алғаш рет көршілес КОНКАКАФ футбол қауымдастығынан Мексика және АҚШ құрамалары шақытру алып, бағын сынады. Алғашында бұл жанкүйерлер мен спортшыларға ұнай қоймады. 1993 жылы осы жағдай бойынша Марадонна: -«Америка кубогі бұл — керемет турнир. Біз оны кезекті Әлем Чемпионатына айналдырмауымыз керек», — деген болатын.

Алайда, бұл жоба өз жемісін берді. Турнирдің рейтингі бұрын соңды жетпеген биікке жетіп, содан бері Копа Америкаға қонақ ретінде 2 құрама шақырту дәстүрге айналды. Географиялық жақындыққа байланысты басқа құрлықтарға қарағанда Солтүстік Америкадан қонақтар жиі келді. 1993 жылдан бастап, Копа Америкаға ең көп шақырту алған құрама – Мексика. 10 мәрте Америка құрлығының басты турнирінде бағын сынаған.

Одан кейінгі орында АҚШ құрамасы тұр. Оңтүстік Американың аладоп аламанына 4 мәрте қатысқан. 1997 жылы Коста Рика, 1999 жылы Жапония, 2001 жылы Гондурас құрамалары Америка кубогінде алғаш рет өнер көрсеткен.

2001 жылы Колумбияда өткен турнирге шақырту алған Канада құрамасы қатысудан бас тартқан. Қатыспауының себебін ұйымдастыру деңгейінің төмендігін түсіндірді. Сол жылы Канададан басқа, турнирге қатысудан Аргентинада бас тартты. Олардың орнына Гондурас пен Коста-Рика құрамалары шақыртылған.  Және тағы бір осындай жағдай 2011 жылы орын алды. Бұл жолы Жапония бас тартты. Өйткені, 2011 жылы Токио қаласында табиғат апаты яғни, цунами орын алған болатын.

 

1993 жылы қонақ команда Копа Американың финалына шықты

Өзге құрлықтардан құрамалар шақырту идеясының пайдасы өте көп. Телекөрсетілімнен түсетін пайда көлемі артады. Басқа құрлықтарда жанкүйерлер қарасы көбейіп, көрермендер саны артады.

Копа Американың ұйымдастырушылары қонақ командаларды статистика мен рейтингті көбейту үшін шақырады. Және, КОНМЕБОЛ трофейдің өзге құрлыққа кеткенін қаламайды. Көп жағдайда қонақ құрамалар топтық кезеңнен әрі аса алмайды. Бірақ, кей кезде сенсация да орын алып жатады.

Сондай жағдайлардың бірі 1993 жылы орын алды. Қонақ ретінде келген Мексика ұлттық құрамасы финалдық кезеңге дейін өтіп, Копа Америка ұйымдастырушыларын үрейлендірді. Алайда, финалдық ойында сапында Батистутасы мен Симеонесі бар Аргентина жеңіске жетті.

Картинки по запросу батистута и симеоне

Копа Америка 2019 турниріне қонақ шақыру қиынға соқты

2019 жылы футбол десе ішкен жерге қоятын құрлықтарда маңызды турнирлер өте көп болды. Маусым мен шілде айларында Евро-2020-ға іріктеу кезеңі, Ұлттар Лигасының финалы, КОНКАКАФ кубогі және Африка құрлығының кубогі. Осы себептермен қонақ құраманы шақырту қиынға соқты.

2017 жылдың күз айында Испания мен Португалия құрамаларын шақырған болатын. Алайда, Португалия құрамасы Ұлттар Лигасының финалына жолдаvа алып, қатысудан бас тартса, Испания келісімін бермеді.

Биыл, Копа Америкамен бірге КОНКАКАФ кубогі өтетініне байланысты турнирге қатысуға көрші құрлықтанда қызығушылық білдірмеді. Африка құрлықтарының кубогі де Америка кубогімен қатар өтетін болғандықтан да африкалық құрамаларды шақырмады.  Амалсыз Азия құрлығына бет бұруға тура келді.

Картинки по запросу португалия испания

Копа Америка 2019-дың қонақтары: Жапония мен Катар

Копа Америка 2019 турниріне қатысуға Жапония мен Катар құрамалары келісім берді. ­Өйткені, бұған бірнеше себеп бар. Жапония өз жерінде өтетін Олимпиада ойындарына дайындық ретінде келсе, Катар да сол мақсатта турнирге қатысып жатыр. Катар 2022 жылы өтетін Әлем Чемпионатының қожайындары болғандықтан аладоптың басты турнирінде бақ сынамас бұрын, Копа Америка секілді ірі жарыстарға қатысып, тәжірбие жинағанды жөн көрді.

Похожее изображение

 

Мақала авторы: Равиль Ашығалиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*