ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Рокордтар Трансфер Әлем футболы

Жоао Фелиш- Ла Лига клубына ауысады

Биыл күллі Еуропа клубтарының назарына іліккен «Бенфика» шабуылшысы Жоао Фелишті Мадридтің «Атлетикосы» сатып алуға бір табан жақын деп хабарлайды «AS» порталы. Аталған сайттың мəліметінше, «Атлетико» 19 жастағы сұрмерген үшін 120 млн.еуро төлемек. Ал жылдық жалақысы 6 млн. төңірегінде болады. Артынша жаңа келісім шартта оның трансферлік құнын 350 млн. еуро деп бекіткелі жатыр. Яғни, Жоао Фелиш «Атлетико» тарихындағы ең қымбат футболшы атануға жақын. Футболшы биыл клубтық деңгейде 43 матч өткізіп, 20 гол, 11 нəтижелі пас берген. «Бенфика» мен арадағы келісім шартты 2023 жылға дейін ұзартылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Атлетико» келісім шарт бойынша ең жоғары бағаны Антуан Гризманн мен Диего Косатаға (200 млн) бекіткен-ді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*