ALADOP.KZ
А сериясы Басты ақпарат Трансфер Эредивизи Әлем футболы

«Аякс» Маттейс де Лигтің трансфері үшін «Ювентустан» қанша алады?

Туриннің «Ювентусі» мен Амстердамның «Аяксы» қорғаушы Маттейс де Лигтің трансфері бойынша ортақ шешімге келді. Бұл туралы және аталған ойыншы үшін «қарт сеньора» қаншаға шығындалатыны жайлы «beIN Sports» телеарнасының журналисі Танкерди Палмери өзінің твиттердегі парақшасында хабарлады.

Танкердидің мәліметінше, 19 жастағы қорғаушы үшін «Аякс» 82 млн. еуро алмақ. Ал футболшы болса «Ювентусте» жылына 12 млн. еуро немесе (қосымша 3 млн-ды қосқанда) 15 млн. жалақы табатын болады.

Бұл трансферден Маттейстің агенті Мино Райола 12 млн. еуро табыс таппақ.

Осылайша, де Лигт футбол тарихындағы екінші ең қымбат қорғаушы болғалы тұр. Ал көш басында 2018 жылы «Саутгемптоннан» сапынан «Ливерпульге» 84.5 млн. еуроға ауысқан отандасы Вирджил ван Дейк тұр.

Айта кетейік, өткен маусымда де Лигт «Аякс» жейдесінде 55 матч өткізіп, 7 гол соққан және 4 нәтижелі пас берген. Жалпы алғанда Амстердам клубы үшін 117 ойында алаңға шығып, 13 гол мен 7 нәтижелі пас беріпті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*