ALADOP.KZ
Басты ақпарат Қазақстан премьер-лигасы Үздіктер Әлем футболы

«Қайраттың» бұрыңғы шабуылшысы осымен 3-рет хет-трик жасады

«Қайраттың» бұрыңғы шабуылшысы Жерар Гоу

Гоооууу…

Осымен 14 голын салып, сұрмергендер көшін бастады.

«Бейцзин Интерпрезерс» сапында өнер көрсететін «Қайраттың» экс-шабуылшысы ивуарлық Жерар Гоу осы маусымдағы Қытай бірінші лигасындағы 3-хет-тригін жасады. Жерар «Ляонин Хувинмен» болған матчтың 29, 41, 59 минуттарында нәтижелі соққымен көзге түсті. Осы жеңістен соң «Бейцзин» 16 команданың арасында 6-сатыға жайғасты.

Осылайша, 19-турдан кейін Гоу 14 голмен шабуылшылар арасында көш бастады.

Естеріңізге сала кетейік, Жерар Гоу 2014-17 жылдар аралығында Алматы клубының жейдесінде тер төгіп, ҚПЛ аясындағы 102 матчта 80 гол, ал Еуропа лигасы аясындағы 19 ойында 11 гол соққан. Гоу біздің біріншілікте 3 рет (2015 жыл — 22 гол, 2016 жыл — 22 гол, 2017 жылы — 24 гол) «Үздік сұрмерген» атанған.

Алматының «Қайратынан» бөлек, шабуылшы Ресейдің «Краснодар», Түркияның»Кайсери Эрджиесспор» мен «Денизлиспор», Швейцарияның «Ксамакс», Марокконың «Хассани Агадир» мен өз елінің «ЖК Абиджан» ұйымдарында доп тепкен.

Шамкен Байырбек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*