ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Трансфер Қазақстан

Англиядағы трансферлік жаңалықтар

«Тұманды альбион» клубтары бүгін-ертең хабарлауы мүмкін трансферлер жайында.

Лондонның «Арсеналы» — «Лилль» жартылай қорғаушысы Николя Пепені сатып алғанын жақын күндері хабарлайды. «YahooSportFR» сайтының журналисі Ману Лонжоненің мәліметіне сенсек, екі тарап барлық мәселе бойынша келісімге келіп қойған көрінеді.

«Челси» бас бапкері Фрэнк Лэмпард қос жартылай қорғаушы Тьемо Бакайоко мен Дэнни Дринкуотерді негізгі құрамнан көрмейді. Сондықтан,, басшылыққа 2 ойыншыны сату туралы ұсыныс айтқан.

Daily Mail-дың хабарлауынша, «МЮ» Сергей Милинкович-Савичтің трансфері бойынша толық келісемге келіп қойған көрінеді. Сербиялық футболшы «қызыл сойқандармен» 5 жылдық (жылына 6 млн евро жалақымен) келісім-шартқа қол қоймақ. Трансфер клуб үшін 87 млн. еуроға бағаланып отыр.

«Ньюкасл» болса осы аптаның басында «Челси» жартылай қорғаушысы Кайл Скотт пен «Болтон» қақпашысы Джейк Тернелді қатарға қосты.

«Лестер» кеше «Астон Вилланың» 20 жастағы қорғаушысы Митчелл Кларкпен 3 жылдық келісім-шартқа қол қойды.

Шамкен Байырбек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*