ALADOP.KZ
Басты ақпарат Чемпиондар лигасы Шолу

«Астананың» Румынияға баратын құрамы белгілі болды

«Астана» Чемпиондар лигасының алғашқы кезеңі аясында «ЧФР»-мен болатын жауапты матчқа аттанатын футболшылар тізімін жариялады. Айта кетейік, түздегі ойын 17-нен 18-не ауған түні Клуж-Напока қаласында өтеді.

Жауапты ойынға баратын футболшылар:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов,
Қорғаушылар: Антонио Рукавина, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Евгений Постников,
Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух, Дорин Ротариу, Марин Томасов, Серікжан Мужиков, Иван Маевский, Дидар Жалмұқан, Рунар Сигурьонссон,
Шабуылшылар: Роман Мұртазаев, Рангело Янга, Сергей Хижниченко, Фирмин Мубеле.

Естеріңізге сала кетейік, екі команда арасындағы алғашқы ойын 9 шілде күні «Астана-Аренада» өтіп, алаң иелерінің 1:0 жеңісімен аяқталған-ды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*