ALADOP.KZ
Басты ақпарат Бундеслига Ла Лига Трансфер Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

«Баварияның» — Осман Дембелені сатып алуына не кедергі?

«Барселона» — «Баварияның» Осман Дембелені сатып алу туралы жасаған алғашқы ұсынысынан бас тартты деп хабарлайды «Sport.es» порталы.

Аталған сайттың мәліметіне сенсек, Германия чемпионы «Барселонаның» 22 жастағы шабуылшысы үшін 70 миллион еуро төлеуге дайын екен. Алайда, Каталон клубы бұл сомманы азсынып, бас тартты. «Блауграна» кем дегенде бұл трансфер үшін 95 миллион еуро сұрап отыр.

Дембеле «Барселона» сапына 2017 жылдың жазында Дортмундтың «Боруссия» командасынан 125 миллион еуроға ауысқан болатын. Өткен маусымда ол Ла Лигада 29 ойын өткізіп, 8 гол және 5 нәтижелі паспен көзге түсті. Франциялық шабуылшының «Барселонамен» арадағы келісім-шарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Шыңғысхан Досмұхамбетов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*