ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сұхбат УЕФА Чемпиондар лигасы

Дан Петреску: «Астана мен ойлағаннан да мықты қарсылас екенін аңғардым»

Сіздер осы ойынның алдында біздің «Астанаға» жақсы таныс «Оренбург», «Спарта» және «Славия» командаларымен жолдастық кездесу өткіздіңіздер. Бұның сыры қалай түсіндірер едіңіз?

-Өзіңіз аңғарғандай, біз кездескелі жатқан қарсыласпен деңгейлес ұжымдармен ойын өткіздік. Бұдан артық басқа айтарым жоқ. Өкінішке қарай, біз соңғы ойында жеңіліп қалдық. Бұл бізге шамалы кері әсерін тигізді. Оған қоса біз «Астананың» өз алаңында өте жақсы ойнайтынын білеміз. Ертеңгі ойын біздің командаға оңайға соқпайтыны анық.

Командаңыз соңғы Супер Кубок үшін болған ойында «Вииторулдан» ұтылып қалғанын айттыңыз. Ойыншылар физикалық тұрғыдан қайта қалпына келіп үлгерді ме?

-Иә, маңызды ойында ұтылғанымыз қиын болды. Соған қарамастан, біз «Астанаға» тыңғылықты дайындалып келдік.

-Командаңыз жасанды алаңда ойын өткізуге қаншалықты дайын?

-Біз үшін бұл ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Өйткені, біздің біріншілікте тек бір ғана команда жасанды алаңда ойын өткізеді. Алайда, менің ойыншыларыма бұл қиындық болмайды деп сенем. Тез бой үйретуге тырысамыз.

-«Астана» сапындағы Дорин Ротариу туралы не айтар едіңіз?

-Көптеген румын мамандары Доринді жақсы біледі. Мен білетін Дорин шабуыл шебінде әлуетті ойын көрсетеді. Кез келген сәтте күтпеген шешім қабылдап, гол соғып кетуі мүмкін. Тағы бір жақсы қасиеті ретінде пас берудегі шеберлігі дер едім. Бірақ менің қорғаушыларым Ротариуды тұсаулап ұстауға тырысады. Бізге гол жіберіп алмау өте маңызды.

-Дориннан бөлек, «Астана» сапынан тағы кімнен қауіп күтесіз?

-Футбол командалық ойын екені белгілі. Сондықтан, ұжым ретінде «Астана» өте қауіпті қарсылас екенін айта аламын. Ал жекелеген футболшылардан Роман Муртазаевтың ойыны көңілімнен шықты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*