ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Еурокубок Еуропа лигасы Шолу

Еуропа лигасы: «Қайрат» соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды

«Қайрат» — «Широки Бриег» 2:1.

Гол авторлары: Б. Оразов, 90+2 мин, И. Қуат, 90+3 мин, — Д. Багарич, 90 мин (пенальтиден).

Алматының «Қайраты» қарымта кездесуде де 2:1 есебімен жеңіп, ал жалпы 4:2-мен «Широки Бриегті» артта қалдырды. Бірақ өз алаңындағы ойын жүйкеге біраз салмақ салғаны анық.

Бір-бірін аңдысып ала алмаған екі ұжым 89 минутқа дейін гол соға алған жоқ. Ал соңғы минутта төреші «Қайрат» қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып соққысынан Дражен Багарич мүлт кетпей есеп ашты да «Широки Бриегтің» үміт отын қайта тұтатқан.

Бірақ «Қайрат» ойыншылары мінез көрсетіп төреші қосқан 2-минутта Біржан Оразовтың голынан соң таразы басын теңестіріп кетті. Ол-ол ма тайлы тұяғымен алға ұмтылған Босния және Герцеговина ұжымын қарымта шабуылда шаң қаптырып жеңіс голын салды. Гол авторы- Исламбек Қуат.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*