ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Ла Лига Трансфер Әлем футболы

Гарет Бэйл «Тоттенхэм» сапына оралуы мүмкін. Келісім құны қандай болмақ?

«Реал Мадрид» шабуылшысы Гарет Бейл бұрыңғы командасы «Тоттенхэмге» қайта оралуы мүмкін. Лондон клубы қазірдің өзінде «галактикосқа» аталған трансферді жүзеге асыруға ұсыныс жіберіп те үлгерген. «Марка» газетінің хабарлауынша, «Тоттенхэм» Бэйл үшін 60 млн. еуро төлеуге әзір.

Уэльс құрамасының ойыншысы «Тоттенхэм» сапына 2007 жылы «Саутгемптоннан» 5 млн. еуроға ауысып, 2013 жылға дейін өнер көрсеткен еді. Барлығы 146 ойында 43 гол соққан. Ал 2013 жылы «Реал» бұл ойыншыны 100 млн. еуроға сатып алып, сол кездегі ең қымбат трансферді жүзеге асырған болатын.

Өткен маусымда Гарет Ла Лига аясында 29 ойын өткізіп, 8 голдың авторы атанған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*