ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сұхбат УЕФА Чемпиондар лигасы

Иван Маевский: «Әрине, ірі есеппен ұтқымыз келді. Бірақ «ЧФР»-дің мықты ұжым екенін ұмытпаған абзал»

-Жалпы бүгінгі ойында жеңіске жеткенімізбен, есеп сусымалы. Тең аяқталған бірінші таймнан кейін, үзілісте бапкер қандай нұсқаулар берді?

-Үзілісте тыңнан нұсқаулар беріп, ойын компонентіне өзгеріс енгізді деп айта алмаймын. Бәрі алдында өзіміз жоспарлағандай өтті. Бастысы өте жинақы, қателікке бой алдырмай ойнай отырып, гол жіберіп алмау болды. Өйткені, бұл екі ойыннан тұратын кезең. Біз жоспардан ауытқымай өзімізге керек голды соқтық, гол жіберген жоқпыз.

Иван, қарсылас шабуылдаған кезде сіз үнемі Бийель Омранидің қасынан табылып жаттыңыз. Бұл алдын ала бапкер берген тапсырма болды ма?

-Матч бойы тек бір ойыншыға қарсы ойнадым деп айта алмаймын. Оған қоса, бас бапкер тарапынан ондай тапсырма болған жоқ. Иә, ол көбіне мен жауап беретін алаңның бөлігіне көбірек ойысумен болды. Ондай сәттерде жолымыз көп түйіскеннне болар сізге солай көрінгені.

-Бізге екінші голды салатын шабуылшы жетіспегендей. Ал сіз қалай ойлайсыз?

-Бізде есепті еселейтіндей бірнеше мүмкіндік болды. Меніңше, сәттілік жетіспеген секілді. Расында, екінші голды соққанымызда тамаша болар еді. Бір жағынан алғашқы ойындағы жеңіс команда үшін жаман көрсеткіш емес. Ең бастысы гол жіберіп алған жоқпыз. Енді осы ойынды қайта қарап шығып, қателіктермен жұмыс істеуіміз керек. Бізге тезірек жауапты матчқа дайындықты бастаған жөн. Түздегі ойын бұдан да қиын болатынына күмәнім жоқ.

-Ал үзілісте бапкер не айтты?

-Бірінші, бапкер үзілісте бізді сабырға шақырды. Өз айып алаңымызда, пас беру кезінде қателік жіберуге болмайтынын түсіндірді. Екіншіден, шабуылда жинақы, сенімді қимылдауымызды өтінді. Біз бәріміз жоспар бойынша ойнауға тырыстық.

-Команда біріншліктегі дағдарысты еңсере алды ма? Қазіргі жағдай туралы не айтасыз?

-Артта қалды деп сенемін. Біз ойынымыздағы тұрақсыздықтан ақырындап арылып келеміз. Енді тек нәтижемізді жақсарта түсеміз деп ойлаймын.

-Командаға жаңадан қосылған Фирмин Мубеленің басымдықтары жайында не айта аласыз?

-Фирминнің жоғары деңгейлі ойыншы екеніне талас жоқ. Бірақ ол қазір толық өз бабына келген жоқ. Алдағы жаттығу жұмыстары кезінде өзінің үздік ойынын тауып, жауапты кездесуде бізге барынша көмектеседі деп сенемін.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*