ALADOP.KZ
А сериясы Басты ақпарат Трансфер Әлем футболы

«Ювентус» қақпашысы «Бенфика» сапына ауыспақ

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Джанлуиджи Буффон өзі 17 жыл өнер көрсеткен «Ювентус» сапына қайта келіп қосылған еді.

Ал өткен мауымда қарт сеньорнаның негізгі қақпашысы Маттиа Перин болғаны белгілі. La Gazzetta dello Sport-тың хабарлауынша, 26 жастағы футболшы Буффон қайтыр оралған соң Португалияның «Бенфикасына» ауысуы бек мүмкін. Қазірдің өзінде Лиссабон ұжымы Перин үшін 10 млн. еуро төлеуге дайын екендіктерін аңғартқан. Ал итальяндық қақпашының өзіне жеке келісі-шарт бойынша жылына 2.5 млн. еуро жалақы ұсынып отыр. Одан бөлек, бұл ойыншыға жақында Икер Касильяспен қош айтысқан өзге Португалия клубы «Порту» да қызығушылық тантыуда.

Маттиа Периннің өзі қазір осы екі ұсынысты қарастыру үстінде. Ол Ювентус сапына өткен жылы «Дженоадан» 12 млн. еуроға ауысқан-ды. Алдыңғы маусымда А сериясында 9 матчқа қатысып, 8 гол жіберген және 1 сары қағаз алған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*