ALADOP.KZ
А сериясы АПЛ Басты ақпарат Трансфер Әлем футболы

«Ювентус» жас вундеркинд Мойзе Кинді сатпақ

Мойзе Кин

«Ювентус» шабуыл шебіндегі ойыншылар санын азайтуға тырысуда. Бас бапкер Маурицио Сарри жас итальяндық Мойзе Кинді әлі негізгі құрамда ойнатуды ерте деп санайды.

Атақты журналист Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, Турин ұжымының 19 жастағы шабуылшысы Мойзе Кин жақын арада «Эвертон» сапына ауысады. «Ювентус» басшылығы талантты сұрмерген үшін 30 млн. еуро ғана сұрап отыр.

Кин жақын күндері Англияға ұшып келіп, жаңа командада медициналық тексерістен өтеді деп күтілуде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*