ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трансфер Қазақстан премьер-лигасы

Марин Аничич келесі маусымды Түркия чемпионатында өткізеді

Енді «Астана» сапынан қорғаушысы Марин Аничич те кетеді. Қазіргі ел чемпиондары «ЧФР»-мен болатын ойын алдында іске қауырт кірісіп кетті.

sportsport.ba сайтының мəліметіне сүйенсек, 29 жастағы босниялық футболшы  «Астана» сапынан Түркияның «Коньяспорға» ауысады. Негізі Мариннің келісім-шарты 2019 жылдың соңына дейін жарамды болатын. Сондықтан, «Астана»  бұл трансферден өз үлесін алады. Transfermarkt.de бағалауынша, оның қазіргі құны 1.6 млн. еуро.

Аничич Елорда клубына 2014 жылы ауысқан-ды. Сол уақыттан бері клуб үшін 197 ойын өткізіп, 11 гол мен 8 нəтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*