ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Рокордтар Трансфер Әлем футболы

«Нағыз талант -Жоао Фелиш, қош келдің!»

Биыл жасындай жарқылдап ТОП клубтардың назарына іліккен Жоао Фелиш алдағы маусымды Ла Лигада жалғастырады.

Бүгін Мадридтің «Атлетико» командасы 19 жастағы шабуылшыны сатып алғанын, 7 жылдық еңбек шартына қол қойғанын мəлімдеді. Жоао Фелиш үшін Мадридтің клубы «Бенфиканың» келісім-шартында көрсетілген 126 млн. еуро төлейді. Алдымен 30 млн-ды бір артынан 96 млн. аударады. Яғни, бұл «Атлетико» тарихындағы ең қымбат трансфер. Клуб басшылығы футболшыны «Нағыз талант — Жоао Фелиш, қош келдің!» -деген  видеороликпен əлеуметтік желілерде таныстыруды бастап та кетті.

Енді 19 жастағы шабуылшы Испан клубында жылына 6 млн. еуро жалықы алады. Тағы бір айта кететін жайт, жалпы трансфердің 30% -ын футболшының агенті Жорже Мендеш алады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

 

1 пікір

Уәлі 4-Июль, 2019 at 2:06

Меніңше Өте дурыс емес

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*