ALADOP.KZ
Басты ақпарат Лига 1 Трансфер Трибуна Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

Неймар Леонардомен сөйлескен соң «ПСЖ»-дан кетіп қалды

Неймар бүгін таңертең «ПСЖ» қатарына қайта қосылған болатын. Алайда, клубтың спорттық директор Леонардомен соңғы жайттар туралы 3 сағаттай сөйлескен соң қайтадан «Пари Сен-Жермен» футболшыларының жаттыға базасынан кетіп қалыпты. Бұл туралы Sport.es мәлімдейді. Тіпті, кейбір БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, осыдан соң шабуылшы бірден Испанияға тұрғын үй іздеуге аттанып, «Барселонамен» келісім-шартқа қол қоюға дайындалып жатқан көрінеді.

Осы орайда айта кетейік, бразилиялық шабуылшы «ПСЖ» алдағы маусымға арналған жиынына енді келіп қосылды. Париж клубы оның бұл кешігуіне қатысты шешім шығарып, айыппұл салған-ды. Ал шабуылшы тіпті өзге әріптестері секелді медициналық тексерістен де өтпеген болып шықты.

Демек, Неймар ертең «ПСЖ» мен «Дрезден» арасындағы жолдастық кездесуде алаңға шықпайды деген сөз.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*