ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сараптама Стадион Трибуна Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: 16 тур ойындарына қанша жанкүйер келді?

Маусым айының соңғы күні еліміздің 6 қаласында ҚПЛ-дің 16 тур ойындары өтті. Яғни, біріншіліктің бірінші кезеңі артта қалып, екінші кезеңді бастап кетті. Енді осы орайда, 16 тур ойындарын стадионнан тамашалауға келген жанкүйерлердің қарасы қаншалықты екенін біле отырайық!

(Деректер Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ұсынған материалдардан алынды).

«Оқжетпес» — «Атырау» (3:0) арасындағы кездесуді «Оқжетпес» стадионынан 2 500 жанкүйер көріпті.

«Жетісу» — «Тобыл» (0:1)  командалары арасындағы қызықты ойынды «Жетісу» стадионынан 3 000 жанкүйер тамашалаған.

Ал «Шахтер» — «Тараз» (1:0) матчы 5 000 жанкүйер жинады. Осы ретте айта кетейік,  бұл «Шахтердің» осы маусымда Қарағандыда өткізіп жатқан бірінші ойыны. Бұған дейін «кеншілер» орталық алаңның дайын болмауына байланысты өз алаңындағы біріншіліктегі кездесулерін «Астана-Аренада» өткізетін.

«Ордабасы» — «Қайсар» (1:2)  арасындағы оңтүстіктің дербиін көреміз деп «Қажымұқан Мұңайтпасов» атындағы стадионға ағылған жанкүйер көп бола қайған жоқ.  Небәрі 4 500 адам келді. Бір жағынан бұл нәтижеге күннің қатты ыстық болуы да әсер еткені түсінікті.

«Ақтөбе» — «Ертіс» (2:1). Мейлі, «Ақтөбе» қазіргідей қиын жағдайда болса да қала тұрғындары өз командасын қызу қолдауға тырысады. Мәселен, «Ертіспен» болған ойынға 7 000 жанкүйер келіп, стадионның жартысын толтырды. (Команда көш соңында келе жатса да).

«Астана» — «Қайрат» (0:2). Негізі бұл турдағы ең көп жанкүйер жиалады деген ойын осы болатын. Алайда, өз алаңындағы матчты Павлодарда өткізуге мәжбүр болған «Астана»қолдаусыз қалмады. Еліміздегі екі алпауыт клуб арасындағы матчты көрге 3 800 жанкүйер ғана жиналыпты.

Жалпы алғанда 16 турды алаң жиегінен — 25 800 жанкүйер тамашалаған. Турдағы ең көп жанкүйер жинаған «Ақтөбе» — 7 000 адам. Ал ең аз көрсеткіш — Көкшетауда тіркелді. Бар болғаны — 2 500 адам.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*