ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Ақтөбе» біріншілікті басынан бастайды

«Тараз» — «Ақтөбе» 1:1. 

Гол авторлары: С. Ньюадзи, 45 мин, — А. Кәкімов, 55 мин.

ҚПЛ-ның 17 турында өз алаңында «Ақтөбені» қабылдаған «Тараз» жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Алаң иелері матчты өте белсенді бастаған болатын. Жалпы алғанда бірінші тайм толық «Тараздың» басымдығымен өтті. Ал 45 миннутта Серж Ньюадзидің баспен шегелеп соққан голы Вахид Масудов командасына басымдық сыйлады.

Ал екінші тайм «Тараз» үшін көңілдегідей өтті деп айтуға ауыз бармайды. Шабуылда барында ширақ қимылдаған қонақтар есепті теңестіретін мүмкіндік алды.  Айып алаңында Игорь Пикалкин Абат Айымбетовті шалып жыққан соң төреші 11 метрлік айып соққысын белгіледі. Бұл нүктеден Ақжол Кәкімов мүлт кетпей 2 матч қатарынан гол соқты.

Осы тең ойыннан соң «Ақтөбе» УЕФА шешімімен шегерілген 12 ұпайды толық өтеді. Қазір турнир кестесінде «Ақтөбе» нөл ұпаймен көш соңында тұрса, «Тараз» 13 ұпаймен 11 сатыда қала береді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*