ALADOP.KZ
Басты ақпарат Қазақстан Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Қайрат» — «Қайсарды» ірі есеппен ұтып, 3 орынға көтерілді

«Қайрат» — «Қайсар» 5:1.

Гол авторлары: М. Эппель, 16, 59, 73 мин (хет-трик), А. Əбікен, 62 мин, Б. Исламхан, 81 мин, — Т. Барсегян, 89 мин.

ҚПЛ-дің 18 туры аясында өз алаңында Қайсарды қабылдаған Алексей Шпилевский шəкірттері ірі есеппен жеңіске жетті.

Матчты қарқынды бастаған алаң иелері есепті 16 минутта ашты. Көзге түскен Мартон Эппель. Осыдан соң тізгінді Қайсар ойыншылары алды. Тайм соңына дейін есепті теңестіретін мүмкіндіктер болғанымен Тигран Барсегян мен Думан Нəрзілдаевқа соңғы сəтті дəлдік жетіспеді.

Ал үзілістен кейін Қайрат футболшылары есепті мүлде еселеп, ойын тағдырын шешіп тастады. 58 минутта Мартон есепті 2:0-ге жеткізсе, араға 4 минут салып Айбол Əбікен 3 голды салды. Ал 73 минутта венгриялық шабуылшы Эппель дəл соққыдан соң хет-трик авторы атанды. Ал 80 минутта Еркебұлан Сейдахметті айып алаңында шалып жыққан соң төреші 11 метрлік айып соққысын белгіледі. Бауыржан Исламхан пенальтиді сəтті орындап, «Қайраттың» 5-голын соқты. Ойын соңына қарай екі ұжым да босаңси бастаған-ды. Соңғы минутта Тигран Барсегян айып алаңының сыртынан шірене тепкен добы қақпадан бір-ақ шықты. Қорытынды есеп 5:1.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*