ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Астана» — «Таразды» ірі есеппен жеңіп, көш басына қайта оралды

«Астана» — «Тараз» 4:0.

Гол авторлары: Р. Янга, 33, 71 мин, (дубль), Ф. Мубеле, 63 мин, М. Томасов, 88 мин.

«Астана» біріншіліктің 20-турында аутсайдерлердің бірі «Таразды» қабылдап, 4:0 есебімен жеңді.

Үзіліске дейін ел чемпиондары тек 33 минутта ғана Рангело Янга баспен салған голдан кейін есеп ашты.

Ал 2-таймда 63-минутта «Тулузадан» ауысқан шабуылшы Фирмин Мубеле шеберлігін паш етіп, ҚПЛ-дағы алғашқы голын соқты. Араға 8 минут салып оң қапталдан допты қақшып алған Марин Томасов әріптесі Янганың біздің чемпионаттағы алғашқы дублін жасауға септігін тигізді. Ал 88-минутта Мариннің өзі жақын бұрышты дөп көздеп «Астананың» 4-голының авторы атанды.

Осы жеңісінің арқасында «Астана» 41 ұпаймен бірінші орынға қайта жайғасса, еншісінде 16 ұпайы бар «Тараз» 11-орында.

Шамкен Байырбек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*