ALADOP.KZ
Біздің футболшылар Басты ақпарат Трансфер Қазақстан премьер-лигасы Ұзынқұлақтан мәлімет

ҚПЛ: Исламбек Қуат — шетелдік клубқа ауыспақ

Қазақстан құрамасының ойыншысы мансабын шетелдік команда сапында жалғастыруы мүмкін.

Міне, тағы бір қазақстандық ойыншы Исламбек Қуат жақын арада Ресей чемпионатына ауысуы əбден мүмкін. Бұл туралы KazFooball.kz сайты хабарлап отыр.

Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» қомадасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат көршілес Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін екі клубпен келіссөз жұмыстарын жүргізуде. Қос команда да Ресей чемпионатының екінші сегіздігіндегі ұжымдар көрінеді. Бірақ, нақты қандай командалар екені əзірге, белгісіз.

Исламбек Қуат «Қайрат» сапында 2014-ші жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде Алматы командасы үшін Премьер-лигада 120 матч өткізіп, 7 гол соққан. Бұдан бөлек, тағы «Ақтөбе» (15 матч, 1 гол) мен «Астана» (19 матч, 2 гол) сияқты отандық ұжымдарда доп тепкен.

Осы маусымда Премьер-лигада 14 ойынға қатысып, 1 нəтижелі пас беріп, 8 сары қағаз алған.

Ал Ұлттық құрама жейдесінде 27 кедесуде алаңға шығып, 4 мəрте мергендік танытқан.

Шыңғысхан Досмұхамбетов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*