ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Шахтёр» — «Оқжетпесті» əзер ұтты

«Шахтёр» — «Оқжетпес» 1:0.

Гол авторы: Е. Ткачук, 57 мин.

Бүгін ҚПЛ-дің 19 туры аясындағы «Шахтёр» мен «Оқжетпес» матчы өтіп, кеншілердің жеңісімен аяқталды. Бұл ойын екі клуб үшін де 6 орын жолында маңызды болатын.

Матч төреші ысқырығы шалынған сəттен бастап орташа қарқынмен басталды. Бірінші тайм бойы екі ұжым да алма кезек шабуылдар жасағанымен гол салатын шынайы мүмкіндіктер орын алған жоқ.

Ал үзілістен кейін алаң иелері белсенді қимылдай бастады. Нəтижесінде 57 минутта бұрыштама добынан соң Евгений Ткачук қақпашының алдын орап, допты торда тулатты. Соғылған голдан соң «Шахтёр» қорғанысқа көбірек көңіл бөле бастады. Ал 65 минутта «Оқжетпес» ойыншысы Санат Жұмаханов шабуыл кезінде ойын ережесін бұзып алаңнан қуылып кетті. Бір футболшыға басым болғанына қарамастан алаң иерлері 2-голды соғуға асыққан жоқ. Допқа көбірек иелік етіп, осы есепті сақтап қалды.

19 турдан кейін «Шахтёр» 27 ұпаймен 6 сатыға жоғарыласа, «Оқжетпес» 21 ұпаймен 8 сатыда қалды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*