ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Тобыл» — «Қайраттан» ірі есеппен ұтылды

«Тобыл» — «Қайрат» 3:5.

Гол авторлары: А. Жулпа, 14 мин, М. Федин, 31 мин, С. Себаи, 84 мин — Е. Сейдахмет, 45+1 мин, М. Эппель, 74 жəне 79 мин, А. Эсеола, 82 мин, Б. Исламхан, 86 мин.

Қостанайдың «Тобылы» бүгін «Қайратты» өз алаңында қабылдап, 3:5 есебімен ұтылып қалды.

Негізі матч алаң иелері үшін жақсы бамталған-ақ еді. 31 минутқа дейін қорғаушы Артурас Жулпа мен шабуылшы Максим Федин гол соғып, сенімді ұтып жатқан. Алайда, тайм соңында Еркебұлан Сейдахмет баспен тура соққы бағыттап, есепті қысқартыр кетті.

Ал 2-тайм «Қайрат» үшін салымды болды. Алаң иелерін барынша тықсырып тастады. Алдымен Мартон Эппель 74 пен 79 минуттарда дубль жамаса, Адринсола Эсеола 82 минутта есепті 4:2-ге жеткізді. Ойынға тыңнан қосылған Сенин Себаи 3-голды салып ойын көркін қайтарғанымен 86 минутта Бауыржан Исламхан пенальтиден қорытынды есепті тіркеді.

19 турдан кейін «Тобыл» 39 ұпаймен көш басында қала берсе, «Қайрат» пен «Астана» 38 ұпаймен 2 сатыда келеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*