ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Тобыл» осымен «Астанадан» екінші рет ұтылды

«Тобыл» — «Астана» 0:2. 

Гол авторлары: Р. Сигурьонссон, 54 мин, М. Томасов, 76 мин.

Бүгін Қазақстан премьер-лигасының 17 туры аясындағы екі ойын өтті. Турдың басты текетіресі саналған «Тобыл» — «Астана» арасындағы ойын пентакампиондардың сенімді жеңісімен аяқталды. Енді екі ұжым да 17 турдан кейін 38 ұпайдан жинап, көш басында тұр. (Алайда, «Астана» екі ойын артық өткізген).

Негізі ойын басында алаң иелері басымдық танытқан еді. Тіпті, есеп ашатын бірнеше ұтымды мүмкіндік те болған. Бірақ шабуылды түйіндеу кезінде Максим Федин мен Бауыржан Тұрысбекке сәттілік жетіспеді. Кездесудің бел ортасына қарай «Астана» ойыншылары ес жиып, шабуылға көбірек көңіл бөле бастады. Дегенмен матчтың алғашқы бөлігі 0:0-мен түгесілді.

Ал екінші таймдв Роман Григорчук шәкірттері қарқынды бастады. 54 минутта қарымта шабуыл кезінде командаға енді қосылған исландиялық жартылай қорғаушы Рунар Мар Сигурьонссон «Астана» жейдесіндегі алғашқы голын соқты. Осылайша, Рунар «Тобыл» қақпашысы Эмиль Баллаевтің 6 турға созылған «құрғақ» голсыз сериясын тамәмдады. Тартысты ойынның нүктесін 76 минутта Марин Томасов қойды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*