ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Жетісу» — «Ертісті» жер қылып ұтты

«Жетісу» -«Ертіс» 4:0.

Гол авторалары: О. Керімжанов, 29 мин, Н. Адамович, 45+3 мин, Е. Алтынбеков, 46 мин, Р. Аслан, 75 мин (автогол).

ҚПЛ-дің 18 туры аясында Толдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында «Ертісті» қабылдап, ірі есепепен жеңіске жетті.

Матчты жинақы әрі ширақ бастаған «Жетісу» футболшылары 29 минутта сол қапталдан орындалған бұрыштама добынан соң есеп ашты. Нәтижелі соққының авторы — Олжас Керімжанов. Осы қарқындарынан қайтпаған алаң иелері төреші қосқан үшінші минутта есепті еселеп кетті. Қарымта шабуыл кезінде Ненад Адамовичтің баспен бағыттаған соққысын «Ертіс» қақпашысы қайтара алмады.

Ал 2 тайм басында «Жетісу» есепті 3:0-ге жеткізді. Қонақтардың өз айып алаңында пас беру кезіндегі қателігінен соң Ненад Адамович допты тартып алып, Елжас Алтынбековке допты сырғыта салды. Өз кезегінде Елжас допты алыс бұрышқа жерлете тепті. Осыдан соң 2 ұжым да сылбыр ойнау бастады. Ал 75 минутта Дмитрий Огай шәкірттері 4 голын салды. Руслан Степанюктің соққысын қайтарам деп Рафкат Аслан өз қақпасына гол соғып алды.

Осы жеңістен кейін 26 ұпай жинаған «Жетісу» 6 орынға көтерілсе, «Ертіс» 17 ұпаймен 9 сатыда қала береді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*