ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Жетісу» түзде «Тараздан» ұтылып, 6 орынға тұрақтайтын мүмкіндіктен айырылды

«Тараз» — «Жетісу» 2:0.

Гол авторлары: Эливелто, 50 мин (пенальтиден), А. Таубай, 90+4 мин.

Бүгін 19 тур аясында «Тараз» өз алаңында «Жетісуды» қабылдап, 2:0 есебімен ұтты. Дегенмен, 16 ұпай жинаса да, 11 орыннан ары көтеріле алмады. Ал Талдықорған қаласының ұжымы «Шахтёрды» артқа тастап, үздік алтылыққа кіретін мүмкіндікті жіберіп алды.

Екі ұжым арасындағы бірінші тайм голсыз аяқталды. Ал 50 минутта «Жетісу» қорғаушысы Олжас Керімжанов оңбай қателесіп, айып алаңының ішінде допты қолмен тоқтатты. Пенальтиден Дантес Эливелто сол жақ бұрышқа дөп теуіп, есеп ашты. «Тараз» қалған уақытты толық қорғаныста өткізді. Қорытынды есепті төреші қосқан уақытта Абзал Таубай тіркеді. Тісқаққан қорғаушы Никита Наумовтың өрескел қателігінен соң қақпашымен бетпе-бет шығып, 2-голды соқты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*