ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Лига 1 Трансфер Әлем футболы

«Тоттенхэм» — Франция құрамасының жартылай қорғаушысын сатып алды

Міне, керек болса! Соңғы 2 жылда  трансферлік кезеңде «тыныш отырған» ағылшын клубы іске шындап кірісті.

«Тоттенхэм» санаулы сәттер бұрын ғана өзінің ресми сайтында «Лион» жартылай қорғаушысы Танги НДомбелені қатарларына қосқанын хабарлады. 22 жастағы футболшымен келісім-шарт 2025 жылға дейін жасалыпты. Лондон клубы жас футболшы үшін 63 млн. еуро төледі.

Франция құрамасының ойыншысы 2016 жылы «Амьен» сапында келісті ойынымен ТОП клубтардың назарына ілікті. Сенімді ойынымен көзге түскен Тангиді 2017 жылдың тамызында «Лион» жалға алған-ды. Ал араға жыл салып толық сатып алды. Жалпы алғанда Францияның  Лигасында 96 ойын өткізіп, 16 нәтижелі пас берген. Ұлттық құрама сапына 2018 жылдың қазан айында алғаш рет шақырылып, осы күнге дейін 6 матчқа қатысқан.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*