ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

Жоао Фелиш «Атлетико» сапындағы тұсаукесер матчта жарақат алды

«Атлетико» сапындағы ең қымбат футболшы Жоао Фелиш алғашқы ойынында жарақат алып қалды.

19 жастағы шабуылшы «Атлетико» мен «Нумансия» командалары арасындағы жолдастық кездесуде алаңға негізгі құрамда шыққан-ды. Алайда, ойынның 27-ші минутында жамбастан алған жарақатына байланысты матчты ары қарай жалғастыра алмады. Əзірге жас футболшының жарақаты қаншалықты ауыр екендігі туралы ақпарат жоқ.

Ал ойын «Атлетиконың» пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Пртугалия құрамасының ойыншысы Мадрид ұжымы сапына осы жазда, «Бенфикадан» 126 млн. еуроға ауысқан болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*