ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары Басты ақпарат Сұхбат Әлем футболы

Златан Ибрагимович: «Әдетте мен өзім ойнаған клубқа 2 рет бармаймын, бірақ «Аяксқа» бір істі тындыру үшін баруға әзірмін»

АҚШ-тағы «Лос-Анджелес Гэлакси» командасының сұрмергені Златан Ибрагимович «De Telegraaf » порталына берген сұхбатында өз болашағына қатысты қызықты бір жайдың шетін шығарды.

«Әдетте мен өзім өнер көрсеткен клубқа екінші рет қайтып бармаймын. Бірақ ойыншы ретінде футболмен қош айтысқан соң «Аякста» менеджер ретінде қызмет етуім мүмкін. Мен қазір бұл лауазымда отырған адамдарға қарағанда әлдеқайда өнімді еңбек ететінімді жақсы білемін», -депті.

Естеріңізге сала кетейік, Златан 2001 мен 2004 жылдар аралығында «Аякс» жейдесінде доп тепкен. Содан кейін «Мальмё», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Милан», «Пари Сен-Жермен» және «Манчестер Юнайтед» қатарында өнер көрсеткен. Ал 2018 жылдан бастап «Лос-Анджелес Гэлакси» ұжымында ойнап келеді. Бас-аяғы осы күнге дейін клубтық деңгейде 31 жүлдеге қол жеткізген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*