ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары Біздің футболшылар Басты ақпарат Редактор бағаны Қазақстан Үздіктер

«Қайраттың» қара құлпы 70 жасқа толды

«Қайраттың» даңқты қақпашысы — Құралбек Ордабаев.

Бүгін «Қайраттың» даңқты қақпашысы Құралбек Досжанұлы Ордабаевтың туған күні. Қазақ футболы тарихындағы есім-сойы елеулі ардагер 1949 жылдың 6 тамызы күні Шымкент қаласында дүниеге келген. Аяқдоп əлеміне жергілікті «Металлург» мектебі арқылы қадам басты.

Одақ тұсында Алматының «Қайраты» сапында КСРО чемпионатында 185 ойын өткізген. Ал 1984 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды.

Қызмет жолы:

1992-95 жылдары Қайрат клубының вице-президенті;

1996-2000 жылдары Қазақстан футбол ассоциациясының президенті;

2003-2008 жылдары «Қайрат» ФК президенті;

Қазір Алматыдағы 4 олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры.

Шамкен БАЙЫРБЕК

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*