ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

Алиссонның жарақаты қаншалықты ауыр?

Бүгін толық медициналық тексерістен өткен Алиссонның УЕФА Суперкубогына қатысатыны не қатыспайтыны белгілі болды.

Ағылшын Премьер Лигасының алғашқы турындағы «Норвичке» (4:1) қарсы ойында жарақат алып қалған «Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Беккер алдағы УЕФА Суперкубогындағы «Челсимен» өтетін кездесуде алаңға шыға алмайды. Бұл туралы «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп хабарлады.

Кейбір мәліметтерге сенсек, бразилиялық футболшының ем-домына 6 апта кететін көрінеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*