ALADOP.KZ
Copa America 2019 А сериясы Басты ақпарат Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

Америка Кубогының үздік сұрмергені әрі үздік жас ойыншысы «Милан» сапына ауысуы мүмкін

Биылғы Америка Кубогында Бразилия құрамасымен жеңімпаз атанып қана қоймай, турнирдің үздік сұрмергені және үздік жас ойыншысы атанған «Гремионың» шабуылшысы Эвертон Соарес мансабын Италияның А Сериясында жалғастыруы бек мүмкін, деп хабарлайды Football-italia. 

«Милан» басшылығы шабуылшы үшін «Гремио» командасына 30 миллион еуро ұсынып отыр. Дегенмен бразилиялық клуб 23 жастағы ойыншыны 35 миллион еуроға бағалап отырған көрінеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Эвертонға тағы бір италиялық клуб «Наполи» көз тіккен болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*