ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Лига 1 Трансфер Әлем футболы

«Арсенал» капитанымен қоштасты

Лоран Косельни

«Арсеналдың» француз қорғаушысы Лоран Косельни араға 9 жыл салып клуб ауыстырды. Енді Лоран өз еліндегі «Бордо» жейдесінде өнер көрсетеді. Трансфер құны 8 млн. еуро.

Еске сала кетсек, 33 жастағы орталық қорғаушы Лондон ұжымы қатарына 2010 жылы Францияның «Лорьян» клубынан ауысып келген болатын. Осы кезге дейін «Арсеналмен» үш рет Англия Кубогын және тағы екі мәрте Англия Суперкубогын жеңіп алған.


Шыңғысхан Досмұхамедов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*