ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Еуропа лигасы Трансфер Ұзынқұлақтан мәлімет

«Астана» сапына Белорусь құрамасының жартылай қорғаушысы ауысы мүмкін

«Астана» сапына жартылай қорғаушы Иван Маевскийдің отандасы ауысыуы мүмкін. Бұл туралы Tribuna.com сайты «Белорусь футболға» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аталған порталдың мәліметінше, Солигорсктің «Шахтёрында» ойнайтын Валерий Громыко клубпен арадағы келісім-шартты ұзартудан бас тартқан. Артынша қыста еркін агент ретінде «Астана» жейдесін киюі ықтимал.

Алайда, кеше 22 жастағы Белорусь құрамасаның жартылай қорғаушысы «Астана» тарапынан туындаған қызығушылық туралы бірінші рет естіп тұрғанын айтты. Оның үстіне қазір ескі тобықтан алған жарақаты сыр беріп, емделіп жүрген көрінеді. Оған қоса, Валерий командасымен бірге Еуропа лигасында Данияның «Эсьбергімен» болатын қарымта ойынға қатыса алмайды.

Шамкен Байырбек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*