ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Еурокубок Еуропа лигасы Сараптама

«Астана» — Валлетта»: қызықты деректер

«Астана» Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңі аясындағы Мальта чемпионы «Валлеттаны» 2 ойынның қорытындысында 9:1 есебімен есеңгіретіп, плей-оффқа жолдама алды. Енді Роман Григорчук шəкірттері Беларустың «Батэсімен» жасыл алаңда жолығады.

«Валлеттамен» болған қос матч та Елорда ұжымы Еуро аренадағы кейбір жекелеген көрсеткіштерін жаңартты.

  • Өз алаңындағы алғашқы ойында 5:1-мен жеңіске жеткені белгілі. Бұл «Астананың» еуро бəсекелер аясында өз алаңындағы ең ірі жеңісі. Алдыңғы көрсеткіш 4:0, 2017-18 жылғы Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Маккаби Тель-Авивпен» болған матчта тіркелген еді (Еуропа лигасы, 3-тур, 19.10.2017 ж).
  • Ал бүгінгі ойын «Астананың» сырт алаңдағы ең ірі жеңісі ретінде тіркелді. Бұған дейінгі түздегі ең нəтижелі кездесуін 2017-18 жылғы Еуропа лигасының 1/16 кезеңінде «Спортингке» қарсы өткізген. Португалиядағы «Жозе Алваладе» атындағы стадионда «пентакампиондарымыз» 3:3 есебімен тең түсті.
  • Хорватиялық сұрмерген Марин Томасов «Астана» жейдесінде еуро дода аясында бір клубтың қақпасына 3 гол соққан 2-футболшы атанды. Бұған дейін аталған көрсеткішті Патрик Твумаси («Маккаби Тель-Авив» қақпасына) тіркеген болатын.
  • Оған қоса Марин «Астана» үшін Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде осымен 3 -матч қатарынан гол соғып отыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*