ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары Басты ақпарат Ла Лига Үздіктер

Аты-жөнін «Лионель Месси» деп өзгерткен алғашқы футболшыны белесіз бе?

Мəссаған! Месси, сен неткен бақытты едің…

Жазғы трансферлік кезеңнің ең бір түрлі ойыншы алмасуы осы болса керек.

Норвегия 3-девизионындағы «Юнкерен» командасының сапына шын мəнінде Лионель Месси қосылды. (құжат бойынша) Алайда, оның жасы 16 да ғана.

Негізі бұл ешқандай сəйкестік емес. Өйткені, 16 жастағы Даниэль Аре Кнутсен жуырда ғана аты-жөнін осылай өзгертіпті.

Норвегияның Verdens Gang газетіне берген сұхбатында норвегиялық жасөспірім бұл қадамын даңқты аргентиналық сұрмергенді пір тұтатындығымен түсіндірген. Оған қоса бұл шешімін бұрыннан ойластырып жүргенін де айтқан.

Дегенмен, құжат алу кезінде аз-кем қиындықтар болыпты. Норвегияда аты-жөн ауыстыруға келісім беретін салық администрациясынан шешім шыққанша біраз күтуге тура келіпті. Бұл футболшылар арасында Лео Мессидің есімін алған бірінші жайт ретінде тіркеліп отыр.

Бұрын осындай жайттар болып па еді?

Жоғарыдағы əуесқой болса да футболшылар арасында тұңғыш рет орын алды. Бірақ ұлдарын Месси атаған ата-аналар жеткілікті. Мəселен, Барселона жүлде біткеннің бəрін жапырған 2015 жылы  Англияда 4 балаға Месси есімін қойған. Ал АҚШ-та 2 жылдың ішінде 15 бөбек Месси есімін алған.

Ең қызығы Лиенель туып өскен Росарио қаласында Месси есім ретінде сəнге айналғалы қашан. Қазір аталған қалада Месси есімін беруге заңмен тиым салынған. Тек Лео деп атауға ғана рұқсат.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*