ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Әлем футболы

«Барселона» қақпашысы жаттығу кезінде ауыр жарақат алды

Жарақатына байланысты маусымның басында біраз ойынға қатыса алмайтын болды. 

Осы жазғы трансферлік кезеңде «Барселона» сапын толықтырған Нето жаттығу жұмыстары кезінде ауыр жарақат алып қалды. «Блаугрананың» ресми сайтының мәлімдеуінше, ойыншы сол қолының білек тұсынан жарақаттанған. Енді ертең ота жасалмақ. Бразилиялықтың қайта қалпына келіп, айығуына бір айдай уақыт кетеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Нето Каталон клубына осы жазда «Валенсиядан» ауысып келген болатын.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*