ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Сұхбат Әлем футболы

Диего Симеоне: «Атлетико» мен «Барселонаның» өзіндік ойын стилі бар, ал «Реалда» ол да жоқ»

«Атлетико Мадрид» командасының бас бапкері Диего Симеоне клубтарда жұмыс істеген кезде неге көңіл бөлетінін айтты. Оған қоса, Пеп Гвардиоланың жұмысындағы ерекшеліктерін тілге тиек етті.

«Кез келген бапкер үшін жаңа клубқа барғанда оның тарихы жəне дəстүрімен танысу ең маңызды істің бірі. Бұл барлық бапкер үшін жауапты кезең дер едім.

Мəселен «Аякстың» бұрыннан қалыптасқан мектебі мен ойын өрнегі бар. «Барселона» мен «Ювентуста» осы қатарға жататын ұжымдар. «Атлетикода» да өзіндік стиль бар. Ал «Реалда» бұндай дағды қалыптаспаған. Олардың ойыны жаңадан келген ойыншыларға байланысты жиі өзгеріп тұрады.

Əр кезеңде «Манчестер Сити» сынды тарихы жоқ, алайда Пеп Гвардиола көрсеткен жолмен жүретін клубтарда пайда болады. Мүмкін 10 жыл өткен соң Сити белгілі бір ойын мəнерін тапқан команда деп айтатын шығармыз. Бірақ бұл уақыттың еншісіндегі жайт».

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*