ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Еуропа лигасы Шолу

Еуропа лигасы: «Астана» — «БАТЭ-ні» ірі есеппен ұтты

«Астана» — «БАТЭ» 3:0.

Гол авторлары: М. Томасов, 23 мин, Ю. Логвиненко, 44 мин, Р. Сигурьонссон, 52 мин.

Ел чемпионы «Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясында «БАТЭ-мен» болған алғашқы матчта 3:0 есебімен жеңіске жетті. Қарымта кездесу араға апта салып Борисов қаласында өтпек.

Ойын алма кезек шабуылмен басталды. Ал 23 минутта Марин Томасов 3 қорғаушыны қапы қалдырып допты тоғыздыққа топ еткізді. Осыдан соң ойын қарқыны аздап саябырсып қалған-ды. Бірінші тайм түгесілер тұста тағы сол оң қапталдан Антонио Рукавина əуелете берген пастан соң Юрий Логвиненко есепті 2:0-ге жеткізді. Оның баспен бағыттаған соққысын қақпашы қайтара алған жоқ.

Ал екінші таймда 52 минутта Рунар Мар Сигурьонссон пенельтиді сəтті орындап үшінші голды салды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*