ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Еуропа лигасы Шолу

«Астана» — «Санта-Калома»: басы ащы болғанмен, аяғы тәтті аяқталған матч

«Астана» — «Санта-Калома» 4:1.

Гол авторлары: Р. Сигурьонссон, 24 мин (пенальтиден), М. Томасов, 73, 79, 90+4 мин, — Э. Пи, 7 мин.

Ел чемпиондары «Астана» Еуропа лигасының 2-іріктеу кезеңінен әзер дегенде артта қалдырды. Андорраның «Санта-Калома» командасымен жолы түйіскен Роман Григорчук шәкірттері 3-раунд жолдамасын тек өз алаңындағы қарымта матчта ғана шешті.

Дегенмен, екінші ойын да «Астана» үшін оңайға соқпады. 7-минутта күтпеген жерден Энрик Пи «Санта-Каломаны» есеп ашып, алға шығарды. Алайда, алаң иелері көп созбай 24-минутта таразы басын теңестірді. Пенальтиді сәтті орындаған Рунар Мар «Астана» жейдесінде 2-голын салды.

Ал матч тағдырын 2-таймда Марин Томасов шешті. Оның 73, 79 және 90+4 минуттарда жасаған хет-тригі «Астанаға» 4:1 есебімен жеңіс әкелді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*