ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Еуропа лигасы Шолу

Еуропа лигасы: «Валлетта» — Астанадан» тағы оңбай ұтылды

«Валлетта» — «Астана» 0:4.

Гол авторлары: Р. Муртазаев 25 жəне 68 минуттар (дубль), М. Томасов, 37 жəне 89 минуттар (дубль).

Санаулы сəттер бұрын ғана «Астана» Мальтаның «Валлетта» ұжымымен қарымта кездесу өткізіп, апта бұрынғыдай 4 доп айырмасымен сенімді жеңіске жетті. Оған қоса түздегі матчта Ненад Эрич қақпасын голдан аман сақтап, «құрғақ» ойын өткізді. Жалпы есеп 9:1.

Енді «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту үшін Борисовтың «Батэ» клубымен күш сынасады. Белорусь ұжымы «Сараеводан» басым түскен-ді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*