ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Сұхбат Әлем футболы

Гари Невилл: «Санчестен құтылған абзал!»

Карьерасын аяқтаған соң Британ телеарналарының біріне сарапшы ретінде жұмысқа орналасқан «Манчестер Юнайтедтің» экс-қорғаушысы Гари Невилл чилилік шабуылшысы Алексис Санчес жайлы пікірін білдірді.

«МЮ»-ге ауысқанда Санчесті барлығы құрметтеді. Себебі ол «Арсенал» сапында көп гол салған мықты шабуылшы еді. Ал Манчестерде шындап келгенде оның келгенде ойыны жүрген емес. Не болғанын түк те түсінбедім. Шамасы екі Санчес бар секілді. Біреуі «Арсенал» мен «Барселонада» ойнаса, ал енді біреуі «МЮ» сапында доп тебеді. Одан құтылу қажет», — деп келтіреді Sky Sports басылымы Невиллдің сөзін.

Еске сала кетсек, Санчес 2018 жылдың қысында «қызыл сойқандар» ойыншысы атанған болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*