ALADOP.KZ
А сериясы АПЛ Басты ақпарат Трансфер Ұзынқұлақтан мәлімет

Марио Манджукичтің — «Манчестер Юнайтед» сапына ауысуына не кедергі?

La Gazzetta dello Sport-тың мəлімдеуінші, «Ювентуса» шабуылшысы Марио Манджукич ағылшынның «МЮ»-іне ауысуы бек мүмкін. Тіпті ойыншымен «қызыл сойқандар» жеке келісім-шарт бойынша барлық шаруаны тындырып та қойған. Ол бойынша, екі тарап 2 жылға жəне қосымша 1 жылдық ұзартумен келісімге келген. Оған қоса, Марио жаңа клубта жылына 6 млн. еуро көлемінде табыс тапса, трансферге «МЮ» 15 млн. еуро жұмсауы мүмкін.

Алайда, бұл сомма «Ювентус» басшылығын қанағаттандырмауы əбден ықтимал. Себебі, «қарт сеньора» Манджукичті 2015 жылы «Атлетикодан» 21 млн-ға сатып алғал еді.

Естеріңізге сала кетейік, ертеректе Марионы «Бавария» мен «Эвертон» сатып алуға құлық танытқан болатын.

Шамкен Байырбек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*