ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Трибуна Үздіктер Әлем футболы

Месси Ла Лиганың 1-турында алаңға шықпайды

Барселона капитаны Лионель Месси.

Каталон клубының бас бапкері Эрнесте Вальверде Лионель Мессиді «Атлетикпен» болатын Ла Лиганың тұсаукесер ойынына шығармайтын болды. Себебі, Лео апта бұрын жаттығу кезінде балтырынан жарақат алып қалған еді. Соның салдарынан аргентиналық сұрмерген «Наполимен» өткізген екі жолдастық кездесуге қатыса алмаған-ды. Қазір Месси емделіп жатыр. Сондықтан, бас бапкер капитанның алдағы маусымға толық дайын болғанын қалап, 1-турдағы ойыннан босатыпты.

Айта кетейік, 16 тамыз күні алғашқы турда «Барселона» түзде «Атлетикпен» кездеседі.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*