ALADOP.KZ
А сериясы Басты ақпарат Трибуна Әлем футболы

Оңтүстік Корей жанкүйерлер: «Масқара! Роналду бүгін өзінің 60 мың жанкүйерін сатып кетті»

Жанкүйерлер Криштиану Роналду бұлай жасайды деп 3 ұйықтаса да ойламас еді.

Кеше «Ювентус» Оңтүстік Кореяда осы елдің футбол жұлдыздарымен жолдастық кездесу өткізді. Келісім-шарт бойынша бұл ойынға Криштиану Роналду да қатысып, 45 минут алаңға шығуы керек болған. Бірақ португалдық сұрмерген тіпті алаңға шығудан бас тартқан.

Танымал футболшыны көруге келген көптеген жанкүйерлер КриРоның бұл қылығына қатты наразы болып, кейбіреулері «Месси» деп айғайлай бастаған. Ал кейбір фанаттар тіпті ашуға булығып, матч ұйымдастырушыларын сотқа беріп, 1 млн. вонн (жобамен 760 мың. еуро) өтемақы талап етуде.

Қатты көңілі қалған жанкүйерлер қазір әлеуметтік желілерде: «Роналду өзінің 60 мың жанкүйерін сатып, масқаралап кетті»- деп өз наразылықтарын жеткізіп жатыр.

Шамкен Байырбек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*