ALADOP.KZ
Басты ақпарат Лига 1 Шолу Әлем футболы

«ПСЖ» — Франция Суперкубогының жеңімпазы

«ПСЖ» — Ренн» 2:1.

Гол авторлары: К. Мбаппе 57 мин, А. Ди Мария 73 мин — Юну 13 мин.

Суперкубок үшін өткен ойында «Пари-Сен Жермен» мен «Ренн» командалары өзара тартысқа түсті.

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен ойын нәтижесінде Париж ұжымы «Реннді» 2:1 есебімен ренжітіп, жалпы есепте тоғызыншы, қатарынан жетінші Суперкубок иегері атанды.

1:0 есебімен алда тұрған «қызыл-қара» жейделілер, екінші таймда матч фавориттеріне есе жіберіп қойды. Алдымен, 57-ші минутта Сарабияның пасын сәтті пайдаланған Килиан Мбаппе таблодағы есепті теңестірсе, дан кейні, 73-ші минутта Анхель Ди Мария айып соққысынсәтті орындап, «парижандардың» кезекті Суперукбокқа ие болуына үлкен үлесін қосты.

Ойындағы есепті теңестірген Килиан Мбаппе матчтың үздік ойыншысы атанып, арнайы жүлдені қанжығасына байлады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*