ALADOP.KZ
А сериясы Басты ақпарат Трансфер Әлем футболы

Раджа Наингголанның «Кальяриді» таңдауына не себеп болды?

Раджа жəне жұбайы Клаудия.

Осы жазғы ауыс-түйіс кезеңде таң қалдыратын бірнеше трансферлер болды. Соның ішінде Раджа Наингголанның «Интер» сапынан Италиядағы ортаңқол ұжымдардың бірі «Кальяри» сапына жалға берілгенін көпшілік түсіне алмай қалды.

Кейін белгілі болғандай бұл клубтың емес Раджаның өз қалауы болып шықты. Себебі, футболшының жұбайы Клаудияның осы жазда ракпен ауыратыны анықталған. Қазір Клаудия өзі дүниеге келген Сардиниде емделіп жүр. Өз кезегінде өз əйелінің қасында болу үшін Наингголлан жергілікті ұжымға өзін жалға беруді сұрапты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*