ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сұхбат Үздіктер Әлем футболы

Роналдудың атақты гол тойлау тəсілі қалай пайда болды?

«Ювентустың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің үйреншікті əрі танымал гол тойлау тəсілінің шығу тарихы жайлы айтып берді.

  • «Бұл АҚШ-тағы «Челсиге» қарсы жолдастық кездесуде орын алды. Мен жəй ғана гол соғып, осыны істедім (секіріп, «Siiiii» — «Иəəəəə» деп айқайладым). Ол кезде жай дене қимылына ерік беріп, орындаған едім. Кейіннен осы қимылым жанкүйерлер арасында кеңінен танылып, қайталап жатқаны керемет емес пе?!»

Айта кетейік, 2013 жылы өткен сол ойында «Реал» «Челсиді» 3:1 есебімен тізе бүктірген еді. Ал Роналду сол ойында дубль авторы атанған болатын.

Шыңғысхан Досмұхамбетов.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*