ALADOP.KZ
Біздің клубтар Басты ақпарат Еуропа лигасы Трибуна

Танымал вайнер: «Егер «Қайрат» Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңіне шыға алмаса, шашымды сары түске бояймын»

Еліміздегі танымал ваннерлердің бірі Мейіржан Төребаев «Қайрат» — Хапоэль (Беэр-Шева) арасындағы қарымта кездесу алдында қызықты үндеу жариялады. Ол өзінің инстаграмдағы парақшасында Мен егер «Қайрат» Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңіне шыға алмаса, шашымды сарыға бояймын. Сондықтан, 1 тамыз күні бәріміз Орталық стадионға жиналып, командамызды қызу қолдайық. Мен шашымды бояғым келмейді» -деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» 2-іріктеу кезеңі аясында бірінші ойында Беэр-Шева қаласының «Хапоэель» командасына түзде 2:0 есебімен ұтылып қалған еді. Енді келесі раундқа жолдама алу үшін Алматы командасы кемі 3:0 есебімен жеңіске жетуі тиіс.

Шамкен Байырбек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*