ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Трансфер Әлем футболы

«Жапониялық Месси» — «Мальорка» сапына ауысты

Осыдан бір ай бұрын оның артынан 20-ға жуық журналист жүгіріп еді.

Осы жазғы трансферлік ауыс-түйіс кезінде «Реал Мадрид» сапын толықтырған 18 жастағы жапониялық шабуылшы Такефуса Кубо алдағы маусымды сол Ла Лигада «Мальорка» командасында жалда өткізбек. «Галактикос» бас бапкері Зинедин Зидан Кубоның маусым алдындағы жаттығу жұмыстары кезіндегі өнері көңілінен шыққан. Алайда, қазір жас ойыншыға негізгі құрамнан орын табу бас қатыратын шаруа болып тұр.

Айта кетейік,жалға алу мерзімі 2020 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Шыңғысхан ДОСМҰХАМБЕТОВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*